Отзыв учителя о дистанционном обучении » Школа-гимназия №30 им. Д.Ф. Снегина
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Д.Снегин атындағы №30 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 262-12-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 264-13-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Отзыв учителя о дистанционном обучении
30
сәуір
2020

Отзыв учителя о дистанционном обучении

Отзыв учителя ШГ№30 им. Д.Снегина о дистанционном обучении


       С 6 апреля в Казахстане началось дистанционное обучение. Для всей страны это был новый этап обучения детей. Конечно, такое обучение не заменит уроки в классе, но это отличное решение в сложившейся ситуации. 

У каждого ученика имеется либо компьютер, либо ноутбук, или смартфон. Дети хорошо восприняли такой формат обучения и с удовольствием выполняют все задания. Ученики при выполнении заданий используют различные государственные образовательные сайты, платформы, программы, и здесь мы замечаем, что идет процесс самообразования. 

Каждый учитель составляет конспекты, где даются упражнения различного уровня. Как и раньше, даются домашние задания. Дети выполняют как классную, так и домашнюю работу. Затем отправляют учителю на проверку. Идет постоянная связь ученика с учителем.

Родители по-разному реагируют на дистанционное обучение, но в целом они относятся положительно и с пониманием. 

Дистанционное обучение заставляет нас, учителей, по новому формату обучать детей. И мы прикладываем все усилия, чтобы дети получили полный объем знаний. Эта новизна требует от нас всех (учителей, родителей, учеников) движения вперед, не стоять на месте, использовать все современные технические средства. Большая ответственность сейчас лежит на учителях. Этот период хоть и временный, но дает нам определенный опыт. Мы пробуем новые форматы, открываем для себя более современные формы обучения, которые можно будет использовать и дальше, во время традиционного обучения.

                   Учитель математики ШГ №30 им.Д.Снегина       Нугманова Л.С.  


________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Қашықтықтан оқыту жүйесі -  білім беру саласын түбегейлі өзгертті. Яғни, мұғалім мен оқушының арасындағы байланыс өзгерді. Бұл мұғалімнің біліктілігін көтерілуіне, әсіресе сандық білімін (электронды оқулықтар, компьютерлік ойындар, виртуалды жаттығу әдістері, ғылыми - әдістемелік зерттеулер) жетілдіруге көп ықпалын тигізді.  Мұғалімнің оқу сайттарының ресурстары (бейнелекциялар, тест жұмыстар, практикалық тапсырмалар, есептер шығару практикумдары) оқушыларға ыңғайлы уақытта керекті тақырыбымен өз бетімен жұмыс жасауға мүмкіндік берді. Оқушылар қашықтан оқу арқылы білімдерін өз бетімен жетілдіру және ақпарат жүйлерін пайдалану мүмкіндігі артты. Бұл инновациялық әдіс арқылы ата – аналар балаларының білім үлгірімін уақытында қадағалауына септігін тигізді. Яғни мектеп пен ата – аналар қауымы арасындағы байланыстың одан сайын нығаюына көмектесті. 

№30 МГ математика мұғалімі    Раисова Н.

______________________________________________________________________________________________

     Білім беру жүйесін 4 тоқсанда қашықтан оқытуға көшіру уақыт талабы болып отыр. Мектеп ұстаздары осы жүйеге жылдам бейімделіп,жүйелі жұмыс жасауда. Қашықтан оқыту жүйесі мен үшін аса қиындық тудырмады.Себебі интернет жүйесінде қашықтан білім алуға «Ел арна», «Балапан» телеарналарындағы телесабақтар мен «Даryn.online», «Күнделік»жүйелерін,Цифрлі білім беру ресурстарын (ЦОР), learningapps.org, «Bilim Land» арқылы тапсырмалар мен видеосабақтарды қолданудамын.Сонымен бірге Алматы қаласы бойынша мұғалімдер қауымдастығымен арнайы чаттар арқылы тәжірибелермен бөлісіп отырамыз.Ал оқушыларға қашықтан білім алуда  өз бетімен көбірек жұмыс жасауға тура келеді. Ұстаздар барлық уақытта шәкірттіне қолдау көрсетеді. Жұмыла көтерген жүк жеңіл болады.Сондықтан сәттілік тілеймін «Ұстаздар мен шәкірттер!».

Химия және биология пәнінің мұғалімі Құдабай Парида Әбиқызы
_______________________________________________________________________________________________________________________________________

      Елімізде төтенше жағдайдың  коронавирустің таралуына қарсы күрес шараларын күшейту кезінде 6 сәуірден бастап мектептер төртінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматына көшті. Бұл — оқу процесі тоқтады деген сөз емес, керісінше, оқу процесі жаңа бір форматқа көшті.
     Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.
      Сәуірдің 6-шы жұлдызынан бері оқушылар еліміздің «Балапан» және «Ел арна» телеканалдарының көмегімен білім алуға кірісті. Қазақ тілінде оқитын оқушылар күнде таңертең 9:00-ден  «Балапан» телеарнасының алдына жайғасып, телеканалда көрсетілген сабақтан өздеріне керектілерін дәптерлеріне түртіп алып отырады.
    Телеканалдағы сабақ біткеннен кейін оларға ұстаздары ватсап (WhatsUp)  желісі бойынша әр пәннен тапсырмалар беруді бастайды. Олар үйден шықпай осы тапсырмаларды орындап, оны фотоға түсіріп, мұғалімдерін жібереді. Сонымен қатар аудио жазба арқылы берілген тапсырманы ауызша орындауға кіріседі. 
     Ұстаздар  білім алушылар мен олардың ата-аналарына орындалатын жұмыстар жөнінде уақытылы ақпарат беріп отырады, электронды журналды пайдалана отырып, оқушылар мен ата-аналарға  БЖБ нәтижесі бойынша пікір жазады. Білім алушылардың өзіндік жұмысын қадағалап отырады, сол тәсілмен кері байланыс береді. 
     Мұғалім мен оқушыға қолжетімді кез келген тәсілмен орындалған тапсырмаларды жинайды. Электронды журнал платформасында келесі бөлімдерді уақытылы  толтырып отырады:
  • •    Әрбір ТВ-сабақтан кейінгі үй тапсырмаларын (оқулықтар мен ресурстардың сілтемелерін);
  • •    Тапсырманың орындалуы бойынша ұсыныстар жазылған файлдарды тіркеу (бекіту);
  • •     Үй тапсырмасының орындалуы бойынша кері байланыс беру, сабаққа пікір білдіру.
    Ұстаздар электронды журнал толтырумен айналысады. Балалар үй тапсырмасын өздерінің электронды күнделігі арқылы алады. Қашықтан оқу жүйесіне арналған үй тапсырмалары дайындалады. Ал оқушылар үй тапсырмасын бұрынғы әдетпен дәптерге жазады, жасаған жұмысын суретке түсіреді де, электронды пошта немесе ватсап арқылы жібереді.                                                                                        
    Қашықтан  оқыту кезінде ұстаздарға жүктелетін жауапкершілік артып отыр. Мұғалімдер видео сабақты жүктеп, оқушылармен кері байланысқа шығуы керек.  Ата-аналар баласының білім алуын қадағалап, онлайн сабақтарды қосып беруге көмек көрсетсе деймін.  Балаға жаңа форматта оқу материалын игеруге көмек беріп, мұғалім мен оқушы арасындағы байланыстың орнауына ықпал етіп, қажетті нәтижеге жеткізеді. Тек осылай, бірлесе жұмыс жасау арқылы  оқу үрдісін дұрыс ұйымдастырып, балаларға қажетті білім мен құзіретін бере аламыз.
  Ұстаздарға тек қолдау қажет!  Ұстаздар мен оқушыларға білім әлемінде жаңа асуларды меңгеру жолында табыс тілейміз!

Киялова Жанат Исатаевна география пәні мұғалімі Д.Снегин атындағы №30 МГ