Алматыда педагогтардың тамыз кеңесі өтті \ Августовский форум педагогов прошёл в Алматы » Школа-гимназия №30 им. Д.Ф. Снегина
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Д.Снегин атындағы №30 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 262-12-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 264-13-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматыда педагогтардың тамыз кеңесі өтті Августовский форум педагогов прошёл в Алматы
26
тамыз
2023

Алматыда педагогтардың тамыз кеңесі өтті \ Августовский форум педагогов прошёл в Алматы

Бүгін еліміздің педагогтары мен шетелдік сарапшылар балалардың білімі, денсаулығы мен өмір сүру деңгейін талқылады. Алматыда «Әділетті  Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті.
Форумға республиканың түкпір-түкпірінен 2900 білім беру қызметкері жиналды. Жиында білім беру саласындағы жетекші мамандар, ғалымдар мен педагогтар тәжірибелерімен, білімдерімен бөлісті, күнделікті жұмыста кездесетін жетістіктер мен қиындықтар туралы айтты.
Сарапшылардың баяндамаларында балалардың әл-ауқат индексін пайдаланудың алғашқы нәтижесі ұсынылды, өмірінің түрлі саласында балалардың әл-ауқатының анықталған мәселелері көрсетілді, оларды жақсарту үшін шешімдер ұсынылды.
💬 «Бүгін баланың физикалық және психологиялық денсаулығын қолдауға, сапалы білім берумен, даму мүмкіндіктерімен және басқа да жағдайлармен қамтамасыз етуге бағытталған жобалар ұсынылды. Іс-шара жаңа оқу жылы қарсаңында даму мәселелері мен перспективалады анықтауға көмектеседі», - деді Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.
🔗 @akimat_almat


Образование, здоровье и уровень жизни детей обсудили сегодня педагоги страны и зарубежные эксперты. В Алматы состоялось августовское совещание работников образования на тему «Справедливый Казахстан: качественное образование, честное поколение, успешная нация». 
На форуме собрались 2900 работников образования для обмена опытом и новыми технологиями. Ведущие специалисты в области образования, ученые и педагоги поделились своим опытом и знаниями, рассказали о достижениях и проблемах, с которыми сталкиваются в ежедневной работе.
В докладах экспертов были представлены первые результаты использования Индекса благополучия детей, показаны выявленные проблемы детского благополучия в разных сферах их жизни, предложены решения для их улучшения.
💬 «Сегодня были представлены проекты, направленные на поддержку физического и психологического здоровья ребенка, обеспечение качественным образованием, возможностями для развития и другими условиями. Мероприятие поможет выявить проблемы и перспективы развития в преддверии нового учебного года», — рассказала  руководитель управления образования г. Алматы Ляззат Жылкыбаева.
🔗 @akimat_almaty