Сабақта білім беру платформаларын тиімді қолдану » Школа-гимназия №30 им. Д.Ф. Снегина
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Д.Снегин атындағы №30 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 262-12-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 264-13-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сабақта білім беру платформаларын тиімді қолдану
09
қараша
2021

Сабақта білім беру платформаларын тиімді қолдану

Д. Снегин атындағы #30 мектеп-гимназиясының 09.11.2021 жылы өткізілген кезекті педагогикалық кеңестің отырысында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Мамырбаева Манар Жамбуловна “Сабақта білім беру платформаларын тиімді қолдану” тақырыбы бойынша семинар өткізді. Сабақта білім беру платформаларын қолданудың мақсаты-оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік беру. Білім беру платформаларын сабақта қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары мен белсенділіктері артуына мүмкіндік туғызып, өздігінен ізденіп, өзіне деген сенімділік қалыптастырады. Шығармашылық жұмыстар арқылы ойын дамытуға арналған тапсырмаларды түрлі білім беру платформалары арқылы ұсыну сабақтың жемісті өтуіне мүмкіндік туғызады. Мұғалім семинар барысында білім беру платформалары арқылы сабақты түрлендіріп өткізуге болатынын өзінің бейне сабақтары арқылы көрсетіп, іс-тәжірбиесімен бөлісті.
@akimat_medeu 
@edu.almaty 
@medeu_roo 
#30гимназия
https://www.instagram.com/p/CWahF0moGG8/?utm_=share_sheet