№30 мектеп- гимназияға Д. Ф. Снегин есімі берілмей тұрған кезіндегі тарихы » Школа-гимназия №30 им. Д.Ф. Снегина
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Д.Снегин атындағы №30 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 262-12-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 264-13-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №30 мектеп- гимназияға Д. Ф. Снегин есімі берілмей тұрған кезіндегі тарихы
01
тамыз
2022

№30 мектеп- гимназияға Д. Ф. Снегин есімі берілмей тұрған кезіндегі тарихы

Алматы қаласындағы №30 мектеп- гимназияға Д. Ф. Снегин есімі берілмей тұрған кезіндегі тарихы.

Мектептің тарихы 1935 жылдан басталады.
Алматы қаласының маңындағы Ленин көшесіндегі шағын бір қабатты үйлердің арасында бағаналары бар екі қабатты мектеп салынды. Ауданның түкпір-түкпірінен, негізінен таулардан, 8-10 км қашықтықта балалар мектепке жаяу жүріп  жететін. 
Мектеп ғимаратын құрылысшылар әлі толықтай бітпеген еді. Оқу үдерісі 1 қыркүйекте мектептің алма бағында басталды (оқушылар партада отырды), ал 6 қыркүйекте мектеп ғимаратында сабақтар жалғасты. Мектеп ғимаратын абаттандыруға мұғалімдер, ата-аналар, жоғары сынып оқушылары, НКВД әскери училищесінің курсанттары қатысты. Мектеп аумағында мұғалімдерге арналған арнайы  үй салынды.

Мектептің алғашқы директоры  Грохотов Петр Иванович тағайындалды.
(Бұйрық  №100 Алматы қаласының ҚХББ  31 тамыз   l935 ж.) - 1935-1937 ж.ж.,
содан кейін оқуға жіберілді. П.И. Грохотов ҰОС   мүшесі,  
     Қазақстанда 49 жыл  жұмыс істеді. Ал мектепте 28 жыл    жұмыс істеді,
Қазақстан Кеңес Одағының  Білім министрлігінде 17 жыл,
Ағарту кәсіподағының Орталық Комитетінде 3 жыл жұмыс істеді.
Кеңес Одағының Социалистік  еңбек батыры,  кеңестік-қазақ педагогы Нұртазина Рафика Бекеновна (08.03.1921-01.04.2013 ж) №30 мектепте орыс сыныптарына  қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып (1939-1941 жж.) еңбек жолын бастады. 2001 жылы мектеп мұғалімдері   Р. Б. Нұртазинамен (85 жыл мерейтойы), жоғары сынып оқушыларымен кездесуі  кешін өткізді. Мектеп оқушылары орыс жазушысы  А. С. Пушкиннің «Евгения Онегина» шығармасының үзіндісін қазақ тілінде  сахнаға қойылым ретінде көрсетті. (орыс бөлімі)

Пряхин А. В. (ортасында) — директор (1937-1941)
Ладога П.С. (сол жағында бесінші) — мұғалім (директор 1941-1942 ж.ж.)
1941 жылғы түлектерді батырлар деп атауға болады. Шәкірттер алаңсыз көңілді балалық шақтан бастап соғыс отына қадам басты. 1941 жылы 20 маусымда бітіру кеші болды.
21 Маусымда түлектер мұғалімдерімен бірге Үлкен Алматы көліне 2 күнге барды.
22 маусымда кешке олар сапардан үлкен гүл шоқтарымен бақытты көңіл күйде оралды. Алайда мектеп түлектері гитлерлік Германияның Кеңес Одағына жасаған шабуылы туралы білді.
Мектептің көптеген оқушылары мен мұғалімдері соғыстың алғашқы күндерінде майданға ерікті болып кетті:
  • Мектеп директоры Пряхин Александр Васильевич (1941 жылы Мәскеу жанында қайтыс болды),
  • Тарих мұғалімі Тугучев А.В. (қайтыс болды),
  • АЭД пәнінің мұғалімі  Коршунов Александр Иванович,
  • Физика мұғалімі  Деревянко Григорий Давыдович 1940 жылы әскери борышын өтеуге шақырылды. Брест  қағбасында соғысып, қайтыс болады.  Оның есімі Брест бекінісіндегі Буг өзенінің жанында  салынған ескерткіште қаза тапқан батырлардың есімдерімен бірге  мәңгі еске  қалады . 
  • Мектеп директоры  Ладога Павел Степанович, 1942 жылы майданға кетіп, соғыс кезінде жарақат алып, Алматы қаласына келіп, білім саласында жұмыс істейді. 
 Мектепте бұрынғы майдангерлер — Н.В. Епанчинцев — математика пәнінің мұғалімі, М.И. Попов — тарих пәнінің мұғалімі, С. И. Аверин — Еңбек және машина жасау пәнінің мұғалімі, С. Карпов - физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.
Офицерлердің әйелдері: директордың орынбасары Ретюнина О. Е., Чепарухина М. Я., Бурдина Т. М. —математика мұғалімдері, Дудникова Н., Поливанова Л. А.  —тарих мұғалімдері, Остапенко А. И. , Макагон Н. Г. — бастауыш сынып мұғалімдері, Аниковская М. М., Затылникова Н. В.  - орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері болып жұмыс істеді. .
Ленинградтан эвакуацияланғаннан кейін юколада жұмыс істеген Галахова Г.Г. - орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Лемешко Т.Л.  - тарих пәнінің мұғалімі Алматыда өмір сүруге қалып кетті.
Мектеп өз оқушыларымен мақтанады. Оның көптеген түлектері ерліктері мен батырлықтары   үшін ордендермен және медальдармен марапатталған.
Ушакова Евгения Евгеньевна (байланыс үшін жауап беретін),
Бакиева Лидия Ефимовна (мерген), мергендер мектебінде Әлия Молдағуловамен бірге оқыды.
Луганский Сергей Данилович (10.10.1918-16.01.1977 ж.) жауынгер ұшқыш,эскадриль командирі, екі рет Кеңес Одағының батыры (02.09.l943 ж.,01.07.1944 ж.). Кеңес-финляндия соғысының қатысушысы Талғат Бигелдиновпен (екі рет Кеңес Одағының Батыры) ҰОС бірге соғысқан. Запасқа авиация генерал-майоры атағымен кетті.
Зубарев Михаил Иванович (25.10.1920-09.02 1940 ж.) - кіші лейтенант, Кеңес-финляндия соғысының қатысушысы, Выборг қаласында   қайтыс болды. 21.03.1940 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді , Ленин орденімен марапатталды.
Михин Михаил Иванович (25.10.1923 — 25.03.2007 ж.) жауынгер ұшқыш, ҰОС қатысушысы, Корея Халық Демократиялық Республикасында  халықаралық борышын орындады, оның шекараларын қорғау бойынша жауынгерлік операцияларға қатысты. 1953 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, авиация генерал-майоры атағымен шықты. 
ҰОС  кезінде мектеп ғимаратында аурухана болған, ал ғимараттың екінші жартысында
мұғалімдер сабақ жүргізуді жалғастырды
Соғыс көп адамдарға білім алуға кедергі келтірді. Сол үшін 1950 жылдары мектеп базасында № 23 кешкі мектеп ашылды.Сабақтарды № 30 мектеп мұғалімдері өткізді, сонымен қатар мектепке шекара училищесі офицерлерінің әйелдері мұғалім болып жұмыс істеуге келді.
Мектеп жақсы білім берді. Көптеген түлектер жоғарғы оқу орындарына түсіп жатты. Олар инженерлер, сәулетшілер, музыканттар, журналистер, ЖОО оқытушылары болды:
  • Хабаров Ю.И. — техника ғылымдарының докторы, Кеңес Одағының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
  • Рыбаков М.И. — профессор, проректор СХИ,
  • Сулеева Б.О. — медицина ғылымдарының докторы,
  • Дунаев А .       — ҚР  Қаржы министрі
  • Батырбеков М.Б. — ҚР  ҒА құрметті академигі, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, профессор, ҚазҰТУ проректоры. 

1962 ж.
Мектеп мұғалімдері Луганский С. Д кездесу кешінен,  сол жағында мектеп директоры Гущин С.Н., ал оң жағында мектеп директорының орынбасары Пряхина Н.В.( мектеп директорының әйелі)
    

Мектеп директоры 1963-1970 ж.ж.) Сумбаев Николай Сергеевич                                                       
 70 жылдардағы түлектер:
  • Қасымов Расул  1989 жылы өртті сөндіру кезіндегі көрсеткен батылдығы үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.  (Алматы 1 вокзалында цистерналар өртенген еді.)
  • Куриленко Виктор, Ауғанстандағы халықаралық борышын өтеп, жолдасын құтқару кезінде қаза тапты, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды . Оның есімі 28-ші Панфиловшылар саябағындағы ауған жауынгерлеріне арналған ескерткішінде жазылған. 2005 жылы Ауғанстан ардагерлер одағы Алматы қаласындағы  мектепте мемориалды  Куриленко Виктордың тақтасын  орнатты
  Мектеп директоры (1970- l977 ж.ж.)        
                  Ким Серафима Николаевна
1979 жылы мектептің жаңа ғимараты салынды. Ескі ғимаратында Фрунзенский ықшам ауданының оқу- өндірістік комбинаты орналастырылды. Ал қазір жеке Кәсіпкерлер мектебі болып өзгерді. 

Мектеп директоры (1977-1993 ж.ж.) - Ружицкая Тамара Петровна
1981-2006 жылдары мектепті 2480 оқушы бітірді. Оның ішінде 62 оқушы "Алтын медальмен", 40 оқушы "Күміс медальмен", 2 түлек "Алтын белгімен" марапатталды.
Көптеген түлектер педагогикалық жоғарғы оқу орындарын  бітіргеннен кейін туған мектебінде жұмыс істеу үшін қайта оралды.
Печипоренко В.П. — орыс тілі пәнінің  мұғалімі, директордың ТІЖ жөніндегі орынбасары;
Якуба В.Н. — орыс тілі пәнінің мұғалімі, директордың ОІЖ орынбасары ;
Зольникова Н.А. — биология пәнінің мұғалімі, директордың ОІЖ және ТІЖ  орынбасары;
Федяева С.В. — орыс тілі пәнінің  мұғалімі;
Головацкая С.А. — биология пәнінің мұғалімі;
 Сурова Т.П. — технология пән мұғалімі;
Шерстобитова Л.П., Манакова Т.П., Курданова О.П., Сагятова А., Полякова Т., Сачко Л.П.
— ағылшын пәнінің  мұғалімдері;
Мяхкоход О.Г., Новикова М.В., Дец Н.В., Ушакова О.Ю., Пекельник Н.В. — бастауыш пәнінің мұғалімдері;
Лач И.Н. — география пәнінің мұғалімі;
Ружицкая Н. —информатика пәнінің мұғалімі;
Манякина М. — математика пәнінің мұғалімі.
Мектепте патриоттық тәрбиеге көп көңіл бөлінді. Мектептің пионер жасағы Кеңес Одағының Батырлары Зои мен Шура Космодемьянскийдің есімімен аталды. Мектеп оқушылары анасымен, яғи ЛюбовьТимофеевна Космодемьянскаямен (1900-1978жж) хат жазысып, өз істері мен жетістіктері туралы әңгімелесті
Мектеп шекара мектебінің бастықтарымен байланыста болды. Курсанттар АӘД пәнінде ерлік, батырлық туралы сабақтарын өткізуге көмектесті. Балалармен бірге әскери сабақтарға қатысты ."Зарница" спорттық ойыны балаларды "Ұлан" жарысына дайындауға көмектесті. Көптеген балалар шекара училищесіне оқуға түсті, олардың көпшілігінде аға офицерлік шендері болды.
Шляхтин В.П., Шевченко О.Н., Розов В.М., Скакун А.С.— Шекара қызметінің генерал-майорлары, Поливанов П.Е. — ҚР Шекара қызметі академиясын басқарады.

Мектеп  ұжымы 1995 жыл, директор Р. Х. Нұркеева


Мектеп тарихында оның атауы өзгеріп отырды:
 №30 орта мектеп                                              — 1935-1938 ж.ж.,
К.А.Ворошилов атындағы № 30 орта мектеп — 1938—l950 ж.ж,
М.И.Калинира атындағы №30 орта мектеп   — 1950—1993ж.ж,
№30 орта мектеп — 1993—2001ж.ж,
№30 мектеп - гимназия          — 2001—2003ж.ж,
Д.Ф. Снегин атындағы №30 мектеп-гимназия                       -2003 ж.
Мектеп директорлары:
Грохотов Петр Иванович         — 1935—1937ж.ж,
Пряхин Александр Васильевич  — 1937—1941ж.ж. (Мәскеу жанында қайтыс болды),
Ладога Павел Степанович      — 1941—l942 ж.ж,
Ильин В.И.     — 1942—1952ж.ж;
Гущин Сергей Николаевич      —1952—1963ж.ж,
Сумбаев Николай Сергеевич — 1963—1970 ж.ж,
Ким Серафима Николаевна    —1970-l977ж.ж.,
 Ружицкая Тамара Петровна  —1977—1993ж.ж,
Нуркеева Роза Хусаиновна    —1993—2011ж.ж.
Ережепова Галия Батихановна           — 2011ж.

Д. Снегин атындағы №30 мектеп – гимназиясының тарихы
1935 ж. –№ 30 жалпы білім беретін орта мектептің түлегі, мектептің алғашқы директоры П. И. Грохотов
1938 ж. - Мектепке А. Е. Ворошиловтың  есімі берілді.
 1943-мектеп түлегі С. Д. Луганский Кеңес Одағының Батыры атағы берілді
1944 ж. — Луганский   С. Д. екі рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1950 ж. - Мектепке Калинин   М.И.  есімі берілді.
1953 ж. - мектеп түлегі Михину М.И.  Кеңес Одағының  Батыры атағы берілді
1979 ж. — жаңа мектеп ғимараты салынды.
1989 ж. - мектеп түлегі Қасымов Расул  өртті сөндіру кезіндегі көрсеткен батылдығы үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.  
1996 ж. — инновациялық технологияларды игеру және авторлық  бағдарламаларды енгізу, жаратылыстану-ғылыми пәндерді тереңдетіп оқыту қолға алынды. 
1997 ж. - жаңа мәртебеге көшу бойынша эксперименттік алаң құрылып, мектеп-көпсалалы гимназия атанды. Қазақстандық оқулықтардың жаңа буынын және деңгейлік саралауға негізделген жаңа педагогикалық технологиялар  енгізілді.  11 сыныптарға тарих пәнін оқыту мақсатында ҚР  Мемлекеттік мұражайымен тікелей байланыста болды. 
1999 ж. – қазақ тілінде оқытылатын сыныптар ашылды..
2000 — 2001 ж. — мектеп жаңа мәртебеге көшті. Мектеп көпсалалы гимназия атағы берілді.  .
2003 ж. — мектепке қазақстандық жазушысы  Дмитрий Федорович Снегиннің есімі берілді.
2010 ж. —5-6 жасар балаларға арналған қазақ және орыс тілдерінде оқытатын  шағын мектепалды даярлық орталығы ашылды.