«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы жастардың рөлі» атты бірыңғай сағат » Школа-гимназия №30 им. Д.Ф. Снегина
Приемная:
+7(727) 0000000
Бухгалтерия
+7(727) 0000000
Версия
для слабовидящих
» » » «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы жастардың рөлі» атты бірыңғай сағат
15
март
2019

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы жастардың рөлі» атты бірыңғай сағат

Алматы қаласы, білім басқармасының басшысы Г. Ходжабергенованың жіберген хатының негізінде «Алматы – адалдық алаңы» жобасының аясында «Д.Снегин атындағы №30 мектеп – гимназия» КММ – де 15.03.2019 жылы 1-11 сыныптарда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы жастардың рөлі» атты бірыңғай сағат өткізілді. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған жобаларды іске асырудың тиімділігін арттыру мақсатында «Саналы ұрпақ», «Адал жол», «Адал ұрпақ», «Protecting Business and Investments» жобаларының фронт-кеңселері «Алматы – адалдық алаңы» жобасына біріктірілді. Қазіргі таңда «Алматы – адалдық алаңы» жобасы бірнеше саланы қамтып, түрлі бағыттардағы іс-шараларды жүзеге асыруда. Соның бірі - білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою мен қолайлы жағдай туғыза отырып, стратегиялық міндеттерді шешу. Атап айтсақ: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, білім беру ұйымдарының ашықтығы мен айқындығы, бағалау және мониторинг, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар, ақпараттық қолдау. Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы білім саласындағы өзекті мәселелер мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оны жоюдың тетіктерін іске асыру. Әсіресе білім саласындағы оқу гранттары мен бөлінген бюджеттерді игеру, білім саласының басшыларын тағайындау, мұғалімдердің санаттары мен сағаттарын бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мәселелері қарастырылады
Информация
Комментировать статьи на сайте возможно только в течении {days} дней со дня публикации.