"Қамқорлық" акциясы. Акция "Забота" » Школа-гимназия №30 им. Д.Ф. Снегина
Приемная:
+7(727) 0000000
Бухгалтерия
+7(727) 0000000
Версия
для слабовидящих
» » "Қамқорлық" акциясы. Акция "Забота"
10
февраль
2019

"Қамқорлық" акциясы. Акция "Забота"

Алматы қаласы, Медеу ауданы
«Д.Снегин ат.№30 мектеп – гимназия» КММ
«Қамқорлық» қайырымдылық акциясын өтілуі туралы есебі
Акцияның мақсаты: күнкөрісі төмен, көп балалы және тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, Қазақстан Республиуасының заңнамасында анықталған балалардың өзгеде санаттарына әлеуметтік көмек көрсету.
Білім басқармасының 2019 жылғы жоспарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің хатына сәйкес 2019 жылдың 10.01-10.02 аралығында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Осы акция барысында мектепішілік бұйрық шығарылып, жоспар құрылып, акция бұрышы жасалды. Жасалған акция бұрышына «Қамқорлық» қайырымдылық акциясына қатысты мәліметтер ілінді.
Айлық барысындағы акцияның басты мақсаты мектеп жасындағы балаларды анықтау, сондай – ақ аз қамтылған, көп балалы және қолайсыз отбасылардың, жетім және ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған және басқа да санаттағы материалдық көмекке мұқтаж әлеуметтік қорғалмаған балаларға әлеуметтік көмек, қолдау көрсетуді көздей отырып әр аптаның жұма күндері рейдтер жалғастырылды. Рейд өткізген директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагог және рейд мүшелері. Мұғалімдер рейдке және көше аралауға шықты. Рейд барысында мектепке келмей жұмыс істеп жүрген оқушылар анықталған жоқ.Бірақ әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар анықталды. Ол отбасыларға көмек көрсетілді.
Жалпыға бірдей оқумен қамту және «Қамқорлық» акциясы кезінде көп балалы, аз қамтылған, жайсыз отбасынан шыққан 12 оқушыға 75000 (жетпіс бес мың) теңгеге мектепке қажетті оқу құралдары мен аяқ киім,азық-түлік берілді.

Бұл өткізілген «Қамқорлық» қайырымдылық акциясына көмек қолын созған 3А, 4Ә,8Б,9Б, 1А, 7Ә, 5В, 5Ә, 10А, 4Б, 3Ә,6Б, 4Б сыныптарының ата-аналары мектебіміздегі аз қамтылған және көп балалы отбасы оқушыларына киім кешекпен және ақшалай көмек көрсетті.
Қамқорлық науқаны мектеп мұғалімдерінің түгел қатысуымен өткізілді. Өздеріне тиісті шағын аудандарды 14 мұғалім аралап мектептен тыс қалған оқушылар жоқ. Өткізілген «Қамқорлық» қайырымдылық акциясына мектеп мұғалімдері «Жүрегім толы мейірім» атты қамқорлық акциясы демеушілік жасап, 12 оқушыға мектептегі көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына 75000 (жетпіс бес мың ) теңге көлемінде киім-кешектер, оқу-құралдары алынды. Акция барысында көп балалы отбасы, аз қамтылған жанұядан шыққан оқушылар тізімі жаңартылып, қайта құрылды. «Қамқорлық» акциясы аясында 4 оқушы көп балалы жанұядан шыққан, 8 оқушы аз қамтылған отбасынан шыққан, оқушылар тізімі жасалды. Акция жоспары ұжымға, ата-аналарға, оқушыларға таныстырылды. Осы акция барысында мектептің аз қамтылған отбасынан шыққан, көп балалы жанұядан шыққан оқушыларды қолдау мақсатында балаларды татулыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу мақсатында сыныптарда «Әлемге мейірімді көзбен», «Ата-ана және бала тәрбиесі» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
Қаңтар айында «Зияткер» сайтына «Қайырымдылық-асыл қасиет» тақырыбында мақала жарық көрді. Мақалада, «Қайырымдылық» акциясы жалғасын тауып, осы ауқымды іс-шараға байланысты жұмыс істеп жатқандығы, сонымен қатар жүрегі нұрға толы ата - аналарымыздың мүмкіндігінше қол ұшын беріп, түсіністікпен қарап, акциядан шет қалмауда екендігі туралы жазылды.
Дәлелсіз себептер бойынша мектепке келмей жүрген балаларды анықтау мақсатында жүргізілген түнгі рейдтер барысында ондай оқушылар анықталған жоқ.
Мектебіміздің еңбек сіңірген биология пәнінің зейнеткер мұғалімі Иванова З.П. үйіне спорт және тәртіп министрлері көмек көрсетіп, он мың көлемінде азық - түлік апарып берді.

Қайырымдылық айлығының соңында 7Ә сынып оқушылары, музыка пәнінің мұғалімдері мен тәжірбиеде жүрген студенттерден құралған топ «Қарттар үйіне» барып «Жүрегім толы мейірім» атты концерт қойып, ата әжелеріміздің көңілін аулап, 11000 тенге көлемінде сыйлық, тәттілер беріп қайттық. «Қарттар үйіне» барған оқушылар алған әсерлері бойынша эссе жазды және осы іс - шара бойынша «Жүрегім толы мейірім» тақырыбында «Зияткер» сайтында мақала жарияланды.







Жалпы «Қамқорлық» акция барысында 100000 көлемінде көмек көрсетілді.

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Жиганбаева М.К.


Информация
Комментировать статьи на сайте возможно только в течении {days} дней со дня публикации.