Алматы қаласы Білім басқармасының
«Д.Снегин атындағы №30 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 262-12-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 264-13-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Д. Снегин атындағы №30 мектеп-гимназиясының мұғалімдерінің авторлық бағдарламалары негізінде педагогикалық тәжірибесімен бөлісуіне арналған ZOOM конференциясы өтті.
17
сәуір
2025

Д. Снегин атындағы №30 мектеп-гимназиясының мұғалімдерінің авторлық бағдарламалары негізінде педагогикалық тәжірибесімен бөлісуіне арналған ZOOM конференциясы өтті.

17 сәуір 2025 жылы сағат 10.00-де Д. Снегин атындағы №30 мектеп-гимназиясының мұғалімдерінің авторлық бағдарламалары  негізінде педагогикалық тәжірибесімен бөлісуіне арналған ZOOM конференциясы өтті. 
     Ережепова Ғалия Батиханқызы, ағылшын тілі пәнінің  мұғалімі, педагог-зерттеуші .«5-6 сынып оқушыларына арналған "Елтану"» авторлық бағдарламасының  мақсатын, яғни келешек жас ұрпақты жеке тұлға ретінде дамыту мен тәрбиелеуде, олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеуде, ғылыми тарихи таным негізінде дүниедегі өз орнын анықтауда, «Елтану» курсы үлкен рөл атқаратыны туралы ақпарат берілді. 
Авторлық бағдарлама түрлі формада, әртүрлі логикалық құрылымда, айрықша ой-пікір, дәлелдеме, мысал мен жаттығулар негізінде құрастырылғаны туралы айтылды. 
Әнетбек Қуаныш Есенқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, Хуатбек Роза қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы, "Қазақ тілі сабағында өзге тілді оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту" авторлық бағдарламасымен таныстырып өткізді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудағы басым міндеттерінің бірі болып табылады. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағыттары Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жж. жасалған мемлекеттік бағдарламасында анықталған болатын, оның мақсаттарының бірі болып жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының азаматының интеллектуалдық, рухани дамуын қалыптастыру, оның мына өзгермелі дүниеге әлеуметтік бейімделуін және сәттілігін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылатыны туралы ақпарат берілді. Бұл бағдарламада оқушылардың тілдік құзыреттілігіне, ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар берілгені туралы айтылды. 
Талдыбаева Карлыгаш Нурбаевна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, Жангирбаева Меруерт Тилековна қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші,: «Міржақыптану» элективті курс 10-11 сыныпқа арналған            авторлық бағдарламасының мақсатын, яғни Міржақыптың ақындық тұлғасын, жан дүниесін, арман-мұратын поэзиясы арқылы таныту , асқақ шабыттың қуатымен жүрегін жарып шыққан өлеңдерін, сөздерін оқушы бойына сіңіру туралы ой қозғады. Бағдарламаның  екі түрлі бағытқа негізделгені туралы және ақын өлеңдерінің мәні, сипаты туралы теориялық білімді бірінші бағытта қалыптастыруы, екінші бағытта - оқушының мәнерлеп оқу дағдыларын практикалық тұрғыдан қарастыру, өлеңнің құрылысын талдау, көркемдік ерекшеліктерін таба білуі туралы айтылды. 
  Халиева Гульжан Максутовна, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші. «Балалар әдебиетін оқыту» элективті курс 1-4-сыныпқа арналған   авторлық бағдарламасымен таныстырды. Балалар әдебиетін оқытудың мақсаты — жас буынның сана-сезімін ояту, ақыл-ойын дамыту, оларды адамгершілікке, отан сүйгіштікке және т.б. ізгі мұраттарға баулу туралы айтылды.