Халықаралық Қарттар күні!
1-қазан Халықаралық Қарттар күні! Қазан айының алғашқы мерекелерінің бірі ол біздің үлкен аталарымызбен апаларымыздың мерекесі. Бірінші қазан қарттар мерекесі күні құтты болсын демекшіміз. Көп жасаған қария, Ақылы теңіз-дария. Көп өнеге сөзі бар, Сөзі соқпақ, сөзі нәр. Ата салты ардақты, Әрбір сөзі салмақты. Сол сөздерді ұқпасаң, Тістерсің бір күн бармақты. Мерекеңіз құтты болсын ата-апа! Көкіректен жыр төгілмей жата ма? Зейнетіне жетіңіздер өмірдің, Кенеліп бір ілтипатты батаға.