15
қазан
2024
Дебат — ретке келтірілген көзқарас, пікір мен идея алмасу
Дебат — ретке келтірілген көзқарас, пікір мен идея алмасу. Әлемдік тәжірибеде жастардың дебат қозғалысы ерекше әлеуметтік құбылыс саналады. Халықаралық мектеп лигасы дебат қауымдастығына 50 ел кіреді. Дебат саясат, бизнес, әлеуметтік қызмет, білім беру, психология және тағы басқа салаларда қолданылады.Дебат – пікірсайыс бұл негізгі ережелері бойынша жүргізілетін дискуссияның негізгі формасын ұсынатын интелектуалды, ұтымды ой, үздік образ, шешендік сөздер тудыратын дарындылар ойыны және тұжырымды ой түйісетін, салиқалы пікір айтылатын жиын. Елбасымыз «Кәзір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман» деген сөздерінен ой түйетініміз, бүгінігі жаһандану дәуірінде Қазақстан сияқты жас мемлекеттің ары қарай дамып бой көтеруі үшін өз болмыс- бітімін , ана – тілін, ұлттық рухын, намысын сақтап қалу, бүгінгі қоғамның ащы мәселелерін талқылап, өз ойларын еркін жеткізетін жастарды тәрбиелеп шығару болып табылады. Дебат оқушыларға көптеген мүмкіндіктер береді. Қыркүйек айында жоспарға сай дебаттық отырыстың қорытындысы бойынша клубқа 20 оқушы мүшелікке алынды. Топ басшысы 8 “ә” сынып оқушысы Тоқтарбай Ақерке болып бекітілді. “Талапкер” дебат клубының жылдық жоспары бекітіліп, клуб ережесі анықталды.
https://www.instagram.com/p/DBIvnA5O30m/?igsh=NWNhZHZkMHVxM3M4&img_index=1


https://www.instagram.com/p/DBIvnA5O30m/?igsh=NWNhZHZkMHVxM3M4&img_index=1

