«Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» » Школа-гимназия №30 им. Д.Ф. Снегина
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Д.Снегин атындағы №30 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 262-12-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 264-13-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы»
05
қыркүйек
2024

«Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы»

Бүгін 05.09.24 жылы еліміздің қасиетті әрі қастерлі мерекесі Қазақстан халқы тілдері күніне орай мектебімізде іс-шаралар өткізілді.

2017 жылы «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» үкіметтің қаулысына сәйкес, қыркүйектің 5-і Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілген. Бұған дейін Тілдер мерекесі 22 қыркүйекте атап өтілетін. Бұл өзгерістің басты себебі - «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тілі үшін күрескен, Ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты.

Оқушыларға тілдің адам өмірінде, ұлт өмірінде алатын орны туралы, Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, ғылыми еңбектері туралы айтып өтті.

Қадірлі тіл жанашырлары! Сіздерді Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

#қазақтіліменәдебиетібірлестігі #үштілділік #қазақтілімемлекттіктіл #орыстілі #ағылшынтілі