17
мамыр
2026
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалнама нәтижесіне сәйкес
17.05.2026 ж. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалнама нәтижесіне сәйкес, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа деген халық сенімі 86,7 пайызды құрады. Зерттеу қоғамның елдегі реформалар мен жаңғырту бағытын қолдайтынын көрсетті.
Ең жоғары сенім деңгейі жастар арасында тіркеліп, 91,4 пайыз болды. Сондай-ақ қала және ауыл тұрғындары арасында да көрсеткіш шамалас деңгейде сақталған. Әйелдердің Президентке сенімі ерлермен салыстырғанда 3,8 пайызға жоғары екені анықталды.
Сауалнама нәтижесі білім деңгейіне қарамастан Президентке деген сенімнің тұрақты жоғары екенін көрсетті. Сонымен қатар азаматтардың сатып алу қабілеті артқан сайын мемлекет саясатын қолдау деңгейі де өсетіні байқалған.
Әлеуметтанулық зерттеу 2026 жылғы 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді. Сауалнамаға еліміздің барлық өңірінен 8 мың адам қатысты.
#AbaiAqparat
https://www.instagram.com/p/DYch_eODRlL/?igsh=eGkwdnJhcWg2djgw