Алматы қаласы Білім басқармасының
«Д.Снегин атындағы №30 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 262-12-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 264-13-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » жаратылыстану - математика пәндер онкүндігі өткізілді
27
қаңтар
2025

жаратылыстану - математика пәндер онкүндігі өткізілді

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған оқушылардың жаратылыстану - математика пәндерінен біліміне, сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті - барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу - сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек. 
Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты - пәндік онкүндік болып саналады. 15.01-25.01.2025 күндер аралығында жаратылыстану - математика пәндер онкүндігі өткізілді. Онкүндік барысында мұғалімдер өткізген ашық сабақтар мен ұйымдастырған іс - шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, сыныптан тыс іс – шаралар, қабырғагазет сайстары. Онкүндіктің ашылу салтанаты «Жаратылыстану ғылымы өмірде» тақырыбында өткізілді. Онда жаратылыстау-математика пәндерінің мұғалімдері оқушыларға жаратылыстану ғылымының өмірде қолданысына қатысты әртүрлі ойындар ұйымдастырды. Пән мұғалімдері флешмоб көрсетті. Ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар жоғары деңгейде өтті. Барлық ашық сабақтар сабақтың мақсатына сай, сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеріп құрылған. Мұғалімдер сабақта жұптық, топтық жұмысты ұйымдастырып өткізді, АКТ қолданды, әртүрлі платформалар пайдаланды. Әрбір сабақтан соң ашық сабақ бойынша қорытынды жасалып, кемшіліктер мен сәтті тұстарын көрсетіліп ұсыныстар айтылды.
Пәндік онкүндікте мұғалімдер жақсы ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті және олардың шығармашылық дамуына ықпал етті. Оқушылар пәндерді жақсы меңгергендігін, алған білімдерін әртүрлі жағдайларда қолдана білу, өзара көмек көрсету, күрделі мәселелерді стандартты емес шешу жолдарын көрсетті. Сонымен қатар белсенді оқыту әдістері, формалары оқушылардың қызығушылық тудырып, олардың оқуға деген ынтасын айтарлықтай арттырды,
танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталды.
Қорыта келе, ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.